Industry 4.0, жасанды интеллект және үлкен деректер дәуірінде көшбасшы болу үшін қажетті білім мен дағдыларды меңгер.
Бүгінгі күні әлем өзара тығыз байланысты, және технологияға негізделген сарапшыларға деген сұраныс бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен артуда.
Қазақстан Усоң Университетінің AI және Big Data бөлімі Industry 4.0 дәуіріне бейімделген, болашаққа бағытталған оқу жоспарын ұсынады. Біздің бағдарлама студенттерге ең заманауи технологиялар бойынша берік теориялық негіз, жасанды интеллект, деректер ғылымы және озық технологияларды терең түсіну мен қолдану дағдыларын, талдау, жобалау және жүзеге асыру бойынша практикалық тәжірибе береді. Мұның бәрі студенттерді бүгінгі жаһандық еңбек нарығында табысқа жетуіне дайындайды.
Біз Кореядағы толық ағылшын тілінде оқытылатын IT бағдарламалардың бірі ретінде мақтан тұтамыз. Жаңадан құрылған бағдарламалық жасақтама зерттеу институты арқылы, студенттер Деректер Ғылымы және Жасанды Интеллект салаларында зерттеу жобаларына қатысады және де түлек атанғаннан кейін бірден жоғары сұранысқа ие мансап жолына дайын болады.
AI және Үлкен Деректер саласындағы инженерия бакалавриат бағдарламасы 2 бағытты ұсынады — Жасанды Интеллект және Деректер Ғылымы — cтуденттер бұл мамандықтардың бірін екінші курста таңдайды. Бұл бағыттар бағдарламалық қамтамасыз ету, робототехника, блокчейн, үлкен деректер талдауы, қаржылық технологиялар, банктік аналитика, деректер базасын басқару деген салаларда мол мансаптық мүмкіндіктер береді. Қазақстан Усоң Университетінде біз ертеңгі инноваторларды, зерттеушілерді және технологиялық көшбасшыларды қалыптастыруға міндеттенеміз.