Талаптар

ҚУСУ кампусына өтініш беруші үміткерлерге арналған ең төменгі (минималды) талаптар мен критерийлер төмендегідей:

Негізгі талаптар

  1. Ағылшын тілі Тест Нәтижесі: IELTS 5.0 немесе соған балама ең төменгі балл
    • Қабылданатын тесттер: IELTS, TOEFL iBT, Oxford Test, CEFR, Duolingo, TEPs, PTE Academic, TOEIC
    • IELTS 5.0-ден төмен баллмен өтініш берушілер: Егер ҰБТ ағылшын тілі пәні бойынша нәтижесі 100 ұпайдың кемінде 65%-ын құраса, қабылдау комиссиясы бұл нәтижені IELTS 5.0 баламасы ретінде қарастырады
    • ҰБТ жоғары нәтижесі (жоғарғы 15%) бар үміткерлерден ағылшын тілі тесті сұралмайды
  2. Эквиваленттік Кесте
    IELTS TOEFL iBT Oxford Test CEFR Duolingo TEPS PTE Academic TOEIC
    Standard New
    5.0 35~45 100 B1 75~80 373~402 197~222 39~41 550~
    5.5 46~59 B2 85~90 403~485 223~259 42~49 610~
    6.0 60~78 B2 95~100 486~617 260~355 50~57 700~
  3. Мектеп түлегі
  4. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесі (ең төменгі балл – 50): Қазақстаннан тыс елдердегі студенттерге бұл талап қолданылмайды
  5. Егер студенттің IELTS баллы 6.0 немесе одан жоғары болса, ҰБТ баллы талап етілмейді

Қажетті Құжаттар тізімі

  1. Онлайн өтініш формасы (өтініш ақысы $50)
  2. Жеке куәлік немесе паспорт
  3. Орта мектеп дипломы
  4. Орта мектептегі оқу үлгерімі (транскрипт)
  5. ҰБТ нәтижесі (егер қолданылса)
  6. Ағылшын тілі Тест нәтижесі
  7. Бір ұсыным хат (міндетті емес)

Қабылдау үдерісі

Барлық өтініштер жеке тәртіппен қаралады. Үміткерлерді іріктеу кезінде олардың ағылшын тілі деңгейі, ҰБТ нәтижесі және факультет мүшесімен өткізілетін сұхбат ескеріледі.

  1. Барлық қажетті құжаттарды онлайн түрде жіберу
  2. Қабылдау комиссиясы құжаттарды тексереді
  3. Үміткерлер қабылдау сұхбатына шақырылады. Ағылшын тілі және ҰБТ баллдарына байланысты сұхбат деңгейі төмендегідей болады
    Ағылшын тілі IELTS 5.0 баламасы IELTS 5.0 баламасы IELTS 6.0 баламасы Ағылшын тілі қажет емес
    ҰБТ ҰБТ баллы сол күйінде ҰБТ балл + 10 ҰБТ балл қажет емес ҰБТ жоғары балл (жоғарғы 15%)
    Сұхбат Тереңдетілген ағылшын тілі сұхбаты Жалпы қабылдау сұхбаты Жалпы қабылдау сұхбаты Тереңдетілген ағылшын тілі сұхбаты
  4. Сұхбаттан кейін студенттер келесі үлес салмағына сәйкес бағаланады және іріктеледі
    • ҰБТ немесе ағылшын тілі тесті (70%)
    • Қабылдау сұхбаты (30%)
  5. Қорытынды іріктеуден кейін үміткерлерге қабылдау нәтижесі хабарланады.

Өтініш беру мерзімі

Күзгі қабылдау: Шілде айының соңы
Көктемгі қабылдау: Қаңтар айының соңы

Хабарласу формасы

Байланыс деректеріңізді қалдырып берсеніз,
сізбен Қазақстан Усоң Университеттің қабылдау кеңесшісі байланысып сізге қолайлы мүмкіндіктерді түсіндіреді.

Жиі
қойылатын
сұрақтар
(FAQ)
Хабарласу
формасы
Тіркелу